15:41, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Кеден саласын жемқорлардан кеденшілердің өздері тазартуда
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы кеден органдарында ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдері жемқорлыққа жол беретін 139 әрекетті әшкереледі.

Ал өзге органдар анықтаған жемқорлар саны - 36. Бұл мәліметтерді бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ішкі қауіпсіздік басқармасының аға маманы Ербол Шынәділ жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда кеден органының ішкі қауіпсіздік комитеті өкілдері тарапынан анықталған заңсыз әрекеттердің
50-і алдын ала тергеу органдарының қарауына берілді. Кеден органдарындағы қызметінен заң бұзғандары үшін 63 азамат босатылды. Ал 1 мың 249 қызметкер әкімшілік жазаға тартылған. «Қазіргі таңда жемқорлармен және кеден аймағында заңсыз әрекеттерін жүзеге асыратын азаматтармен күрес шаралары жалғасуда», деді қауіпсіздік қызметінің өкілі.