Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысты келісім заңмен бекітілмек

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәскеу қаласында 2008 жылы желтоқсанның 12-сінде өткен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесі отырысының шеңберінде Қазақстан Республикасы, Беларус Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттарға қол қойылды. Олардың қатарында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісім бар.
2008 жылғы қаңтардың 25-індегі Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімнің негізінде Келісімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырудың негізгі ережелері айқындалады. Олардың негізінде Кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттары қалыптастырылады.
Келісім Душанбе қаласында 2007 жылғы қазанның 6-сында қол қойылған Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамаға сәйкес күшіне енеді.
Келісімнің 5-бабына сәйкес тауарлардың кедендік құнын түзету және төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта санау Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.
Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін құқықтық негіз жасайды.
Заңды іске асыру Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен қосымша қаржы шығындарын талап етпейтіні атап өтілген.