Кедендік бақылау алынып тасталған соң бір тәулік ішінде Қырғызстан-Қазақстан шекарасынан 190 жүк көлігі өткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Қырғыз Республикасы Экономика министрі Олег Панкратов кедендік бақылауды алып тастау туралы шарт күшіне енгеннен кейінгі бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдаймен танысып қайтты.
None
None

Қырғыз ведомствосы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі атанып, кедендік бақылау алынған соң, азаматтар шекарадан бұрынғыдай еш кедергісіз өте алады. Кедендік бақылауды доғару негізінен жүктерді өткізу процедураларына әсер етеді.

Соңғы тәулікте «Ақ Тілек» БӨБ-де 190 талон толтырылған (120 - шығу және 70-і - кіруге). Аталған учаскеде негізінен Қырғыз Республикасы Шу облысының жүк ағыны өтеді.

Айта кету керек, Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасын ресми түрде ашық деп жариялаған еді. Сол күні Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Шарт күшіне енді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар ЕАЭО-ның бесінші мүшесі атанды. ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер республиканың одаққа қосылуы туралы шартты ратификациялауды келісу үрдісін аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылдың 1 қантарында құрылды. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер Қазақстан, Ресей, Беларусь 2011 жылдың 1 шілдесінде Кедендік одақтың, ал 2012 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай экономикалық кеңістік негізін қалаған еді. 2015 жылдан Одаққа Армения, кейін Қырғыз Республикасы қосылды.

Соңғы жаңалықтар