10:30, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Кедендік бақылау комитеті өткен жылдың жұмысын қорытындылайды
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Ертең Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті кеден органдарының өткен жылғы жұмысын қорытындылайды.

ҚазАқпаратқа бұл туралы комитеттің ресми өкілі Ержан Байтана хабарлады.
Атап айтқанда, контрабандамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелері жарияланады, ҚР Кедендік кодексіне өзгертулер мен толықтырулар, Кеден одағының жұмыс шарттары бойынша түсіндірме беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан, Ресей, Беларус елдерінің арасындағы Кеден одағы ағымдағы жылы қаңтардың 1-інен бастап жұмыс істей бастады.