09:13, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Кедендік одақ аясындағы негізгі жұмыстардың бірі - кедендік қызметтің жұмыстарын жақсартуға негізделуі тиіс - К.Мәсімов
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кедендік одақ аясындағы негізгі жұмыстардың бірі - кедендік қызметтің жұмыстарын жақсартуға негізделуі тиіс.

Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және жаңа міндеттер» атты экономикалық форум барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Мен бизнес өкілдерімен жиі кездесіп отырамын. Өз кезегінде олар үшінші елдермен біздің сауда саясатымыз бойынша белгілі бір пікірлерін айтып жатады. Меніңше, барша Кеден одағы кеңістігінде кедендік қызмет жұмысын жақсарту - бұл алдағы мақсат-міндеттердің бірі. Бізге осыған айрықша назар аудару керек», - деп қадап айтты Үкімет басшысы. Бұл тұрғыда Премьер-Министр Кедендік одағы аясындағы осы тектес жұмыстар бизнесті бұдан әрі қарай бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.