Кедендік одақ құру бойынша Президенттердің қорытынды кездесуі шілденің 4-і мен 5-інде Астанада өтеді

СТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кедендік одақ құру бойынша Президенттердің қорытынды кездесуі шілденің 4-і мен 5-інде Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада Кедендік одақ мәселесіне арналған дөңгелек үстелде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келіссөздердің соңғы кезеңі маусымның 17-18-і кезінде, яғни Кедендік одақ комиссиясының қорытынды отырысы барысында өтеді. Бұдан кейін шілденің басында Президенттер жиналып барлық үдерістер бойынша соңғы нүктені қояды. Бұл шара Астанада шілденің 4-і мен 5-і кезінде өтеді»,-деді Үкімет басшысының орынбасары.

Дөңгелек үстел барысында Кедендік одақ мәселелері бойынша Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, Қаржы министрі Болат Жәмішев, басқа да министрліктердің өкілдері баяндама жасады. Сондай-ақ бұл жиынға Парламент депутаттары мен іскер топ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар