Кедендік одақ пен БЭК дағдарысқа қарсы жасаған біздің жауабымыз - Н. Назарбаев

АСТАНА.  7 қазан. ҚазАқпарат - Кедендік одақ пен БЭК дағдарысқа қарсы жасаған біздің жауабымыз.  Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік «Бірінші арна» телеарнасының «Воскресное время» бағдарламасына берген сұхбатында осылай мәлім етті.
None
None

«Нұрсұлтан Әбішұлы, әлемнің жетекші экономистері дағдарыстың және бір толқыны туралы ұдайы айтуда.  Сіздің ойыңызша, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігі бұл толқынды қалай жеңілдете алады?» деп сұрады хабар барысында арна журналисі Ирада Зейналова.  «Шын мәнінде дағдарыс тоқтаған емес. 2007-2008 жылы басталған дағдарыс әлі де жалғасын табуда. Бұның өзі батыстық құндылықтардың әлемдік эрозиясын білдіреді. Бұдан бөлек байлықты ашкөздікпен қарпыған, жеңіл желпі кредитті пайдаланудың салдарынан туындаған тұтыну қоғамының эрозиясын да айтуымыз керек. Ендігі күні сол көпіршіктің жарылған сәті де келіп жетті. Сондықтан да Қазақстан, Ресей мен Беларусь Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік арқылы Экономикалық одаққа жылжуы - бұл біздің ондай жағдайға қатысты қайтарған жауабымыз», - деді Н. Назарбаев.  

Соңғы жаңалықтар