22:04, 07 Қазан 2012 | GMT +5
Кедендік одаққа кіргісі келетін ел біздің жүріп өткен жолымызды өткеруі керек - Н. Назарбаев
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Кедендік одаққа кіргісі келетін ел біздің жүріп өткен жолымызды өткеруі керек. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік «Бірінші арна» телеарнасының «Воскресное время» бағдарламасына берген сұхбатында осылай мәлім етті.

«Оңтүстік Шығыс Азия елдері, оның Вьетнам секілді мемлекеттер біздің Кедендік одақпен ынтымақтастық туралы келісім жасағысы келеді. Бұдан басқа да мемлекеттер баршылық. Мәселен, Қырғызстан, Тәжікстан да осы одаққа қатысқысы келеді», - деді Н. Назарбаев сұхбат барысында. Осы ретте сұхбаттасушы телеарна журналисі Ирада Зейналова : «Кедендік одаққа ниеттілердің бәрі кіре ала ма?» деп сұраған болатын.
«Жоқ. Біз мемлекетүстілік органымызды құрдық. Дегенмен, кез келген мемлекет біздің ұйымға кіре алады, өйткені біздің ұйым ашық. Әйткенімен, ондай мемлекет біздің жүріп өткен жолымыздың бәрін өткеруі керек», деді Нұрсұлтан Әбішұлы.