Кедендік одақтан Біртұтас экономикалық кеңістікке бірігудің даму бағыттары талқыланбақ

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Алматыда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру:
None
None

бүгінгі мәселелері және болашағы» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Бұл ақпаратты аталған институттың баспасөз қызметі таратып отыр.

Кедендік одақ жұмысының барысы мен Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру мәселесі Қазақстан үшін маңызды және де халықаралық сарапшылар қауымдастығының қызығушылығын туындатып отыр. Осыған орай алқалы жиын барысында Еуразиялық одақ құрудың мәні мен келешегі, Кедендік одақтан Біртұтас экономикалық кеңістікке бірігудің даму бағыттары және жалпы интеграцияның ауқымын кеңейту секілді негізгі үш бағыт бойынша мәселелерді қарастыру жоспарланған.

Сонымен қатар ҚСЗИ қызметкерлері мен арнайы шақырылған сарапшылар интеграциялық үрдіс пен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалына қатысты бағаларын береді.

Ғылыми форумға ҚР мемлекеттік басқару органдарының, мемлекетаралық мекемелердің өкілдері, ғылыми-сараптамалық құрылымдардың қызметкерлері, және де Қазақстанда аккредитациядан өткен дипломатиялық кешеннің өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар