Кедендік одақтың бірыңғай тарифтік жеңілдіктер жүйесіне қатысты құжат Сенаттың жалпы отырысында қаралады

онда «Кедендік Одақтың бірыңғай тарифтік жеңілдіктер жүйесі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш құжат өткен жылдың желтоқсан айының 12-де Мәскеуде қол қойылған Қазақстан, Ресей және Беларус елдерінің Кедендік одағының құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған. Құжат дамыған елдің аймағынан дамып келе жатқан мемлекеттің аймағына жүк тасымалдау барысында кеденнен өту кезінде өзіндік жеңілдіктер жасау жағын қарастырады. Бірыңғай тарифтік жеңілдіктер дамып келе жатқан және дамушы елдердің экономикаларының өркендеуіне ықпал ету мақсатында дайындалып отыр. Заң жобасының талаптары бойынша бірыңғай кедендік жеңілдіктерді пайдаланатын елдердің тізімін кедендік одақтың арнайы комиссиясы анықтайды.
Отырыста заң жобасын жан-жақты талқылаған сенаторлар құжатты Сенаттың жалпы отырысында қарау қажет деп шешті.