Кеденшілер бірінші орынды иеленді

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы қоғамдық бірлестігі Атырау филиалының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Атырау облысының құқық қорғау органдары арасында волейболдан жарыс өтті,
None
None

деп хабарлады Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Жарысқа Ұлттық кауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі істер департаменті, Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы және Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті құрамалары қатысты.

Тартысты өткен жарыста Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті спортшыларының жұлдызы жанып, бірінші орын, Төтенше жағдайлар департаменті - екінші орын, Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы үшінші орын алды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен арнайы кубок, дипломдармен марапаталды.

Соңғы жаңалықтар