Кеденшілер Ираннан келген қоқыс жәшігінен 85,9 млн теңгелік заңсыз темекі тәркіледі
АҚТАУ. KAZINFORM – Көлік прокуратурасы мен кеден органдары жүргізген тексеріс нәтижесінде құны ондаған миллион теңге болатын заңсыз экспортқа тосқауыл қойылды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.

— Маңғыстау облысында «Морпорт» кеден бекетінде контейнер тексерілді, онда Ираннан келген қоқыс жәшіктерін желеу етіп, контрабандалық жолмен әкелінген Oris — темекілерінің үлкен партиясы жасырылған, жалпы құны 85,9 млн теңге болатын 226 мыңнан астам қорап, — делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша экономикалық контрабанда (ҚР ҚК-нің 234-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сол сияқты, Жетісу облысындағы «Алтынкөл-Жол» бекетінде жеңіл панельдер атын жамылған құны 87 млн теңге болатын 400 мың қорап темекіні заңсыз алып өту әрекеті тоқтатылды. Жүк Польшаға жеткізілмек болған.
Түркістан облысында 17 көлікпен шекарадан өтпек болған 413 тонна ағашты заңсыз экспорттауға жол берілмеді. Қылмыскерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура мен кеден органдарының үйлестірілген жұмысының нәтижесінде экспорттық операциялардың заңдылығын бақылауға және мемлекеттің мүддесін қорғауға болады. Контрабандамен күресу жұмыстары жалғаса береді.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан темекі контрабандасы салдарынан жыл сайын 32 млрд теңге жоғалтады.