«KEGOC» халықаралық қаржы ұйымдарына қанша қарыз

«KEGOK» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы борышы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«KEGOC» халықаралық қаржы ұйымдарына қанша қарыз
Фото: ҚазАқпарат ХАА

«Бізде қазір Еуропа қайта құру және даму банкінен алған қарыз қалды. Қарыз қалдығы сонша үлкен емес – 19 млн доллардай. Бірақ ол борышты жабу кестесі бойынша жүріп жатыр. 2034 жылы жауып біту жоспарланған», - деді Нәби Айтжанов БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.

Айтуынша, Еуропа қайта құру және даму банкінің алдындағы борыштың бір бөлігі мерізімнен бұрын өтелген.

«Тағы да айтқым келетіні, Еуропа қайта құру және даму банкі боырштың бір бөлігін былтыр және биыл мерзімінен бұрын жауып тастады. Қазір сонда кестеден сәл алда келеміз», - деді Нәби Айтжанов.

Соңғы жаңалықтар