KEGOC компаниясы биыл SPO-ға шығуға дайын – Самұрық Қазына

АСТАНА. ҚазАқпарат – Нарық KEGOC компаниясы дамыту перспективаларына сай келетін баға ұсынуға дайын болса, компания биыл SPO-ға шығады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Біздің электр желілеріміздің операторы KEGOC компаниясы SPO-ға шығуға дайын. Жақында заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Егер нарық жаңа тарифтерді және жаңа өндіруші қуатты енгізу аясында электр энергиясын тасымалдау көлемінің өсуімен санаса отырып, компанияның өсу перспективаларын ескеретін бағаны ұсынуға дайын болса, онда біз осы жылдың өзінде SPO-ға шығатынымызға сенімдімін», - деді Ернар Жанәділ Astana Finance Days конференциясында.

Оның айтуынша, KEGOC компаниясының бастапқы акциялары IPO-ға 2014 жылы шығарылды.

«Нарыққа компанияның 10% акциясы шықты. Қалған 90% акция «Самұрық-Қазынада» қалады. Қайталама орналастыру (SPO) нарыққа акция қосымша көлемін шығаруға және сәйкесінше өтімділік көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Air Astana келесі жылы IPO-ға шығады.


Соңғы жаңалықтар