KEGOK басшысы: Майнинг компанияларға жеке квота әлі енгізілген жоқ

«KEGOK»  акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов майнинг компанияларға электр қуатын тұтынудың жеке квотасы әлі енгізілмегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

KEGOK басшысы: Майнинг компанияларға жеке квота әлі енгізілген жоқ
Фото: ҚазАқпарат ХАА

«Майнинг компаниялары қазір шектеулі. Олар Қазақстандағы стансалардан электр энергиясын ала алмайды. Бұрыннан істеп жүрген майнинг компаниялар Ресейден электр энергиясын сатып алады. Энергетика министрлігінен және бізден оларға шек қойылған. Сондықтан майнинг компаниялары Қазақстандағы энергия жүйелеріне әсерін тигізбейді», - деді Нәби Айтжанов.

Компания басшысы журналистің сұрағына жауап бере отырып, Қазақстандағы энергия жүйелерінен майнинг компаниялары электр тұтынып отырмағанын айтты. KEGOK басқарма төрағасы майнинг компанияларға электр тұтынғаны үшін бөлек квота енгізу мәселесі туралы да мәлімет берді.

«Энергетика министрлігінің шешімімен квота енгізіледі деген ой бар. Бірақ бүгінге ешқандай квота жоқ», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар