KEGOK басшысы ұжымның орташа айлығынан 4 есе көп алады

«KEGOK»  акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлығы мен өзінің еңбекақысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

1,9 млн теңге: KEGOK басшысы ұжымның орташа айлығынан 4 есе көп айлық алады
Фото: «Қазақстан коммуналдық жүйелері» баспасөз қызметі

«Компания қызметкерлерінің орташа айлығы мен өзіңіздің айлығыңыз қанша?», - деп сұрады БАҚ өкілі компания ұйымдастырған брифингіде.

Нәби Айтжановтың айтуынша, акционерлік қоғам қызметкерлері айына орта есеппен 450 мың теңге алып отыр.

«KEGOK» компаниясы бойынша қызметкерлердің орташа айлығы – 450 мың теңге. Ал өзімнің айлығым 1 млн 900 мың теңге», - деді Нәби Айтжанов.

Соңғы жаңалықтар