Кельн маңында ірі қойма өртенді, ТЖ жарияланған аймақта миллионнан астам адам тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Рейн - Вестфалия федеральдық жерінде (Германияның ірі облысы) қарашаның 12-сінен 13-не қараған түні химиялық заттары бар қойма өртке оранды.
None
None

Өңірде миллионнан астам адам қауіп туралы ескерту алды. Оларға есік, терезелерін жауып, үйлерінен шықпау тапсырылған, жедел желі құрылды, деп хабарлайды ТАСС. Жанған химикаттардың иісі Кельн мен Леверкузенде де сезілді. Абырой болғанда, олар уытты емес екен. Адам құрбаны жоқ. Қоймада 70 әртүрлі компаниялардың, оның ішінде Bayer AG корпорациясының өнімдері сақталған. 

Соңғы жаңалықтар