Наурызда Ташкентте жүк көліктерінің кептеліс уақытында жүруіне тыйым салынады

жү көлігі
Фото: pexels.com

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - 1 наурыздан бастап Ташкентте салмағы 10 тоннадан асатын N2, N3 және О4 санаттарындағы жүк көліктерінің кептеліс уақыттарында жүруіне тыйым салынады. Мұндай талап Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тиісті жарлығымен бекітілді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар хабарлады.

Нақтылай кетейік, аталған шектеу арнайы қызметтердің, оның ішінде коммуналдық шаруашылық және Өзбекстан Қарулы күштерінің жүк көліктеріне қатысты қолданылмайды. 

Бұл бағыттағы талаптардың орындалуына Экология министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен Көлік министрліктері жауапты болады.

Жоғарыда аталған N2 және N3 санатына енетін көліктер - максималды салмағы 12 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көліктер, ал O4 санатындағылар – ең жоғары массасы 10 тоннадан асатын тіркемелер. 

Соңғы жаңалықтар
telegram