Келер жылы Алакөл мен Балқашқа апаратын жол пайдалануға беріледі – Жетісу әкімі
Келер жылы Алакөл мен Балқашқа апаратын жол пайдалануға беріледі. Бүгінде аталған жол 90% дайын. Сондай-ақ Алакөлге Тальго пойызы қатынай бастайды, хабарлайды Kazinform.

«Туризм саласында инфрақұрылымды дамытудағы мәселенің бірі – жол. Алакөл мен Балқашқа апаратын жол келесі жылы беріледі. Жолдың 90 пайызы дайын. Балқашқа апаратын жолды 2024 жылдың қарашаның соңына дейін бітіреміз. Сондай-ақ былтыр Үшарал әуежайы толық жөндеуден өтті. Үлкен ұшақтарды қабылдай алады. Одан бөлек, Алакөл маңындағы Ақши ауылына Тальго пойызы қатынай бастайды», - деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Жетісуда облысында биыл 3 мыңнан астам пәтер беріледі.
Бұған дейін Жетісу облысында экономиканың өсу қарқыны 112,9% жеткенін хабарлаған едік.
Одан бөлек, аталған өңір дәнді дақылдардың көлемі жағынан Жетісу облысы алғашқы төрттікке кіреді.
Биыл орта және шағын бизнес саласы облыс бюджетіне 33 млрд теңге түсірді.