Келер жылы Өзбекстан үкіметі халықты әлеуметтік қорғауға 39 млн доллар бағыттайды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — 2025 жылы өзбекстандықтарды әлеуметтік қорғауға және кедейлік деңгейін төмендету үшін мемлекеттік бюджеттен 500 млрд сум (шамамен 39 млн доллар) бөлінеді. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Олий Мажлис Сенатының алғашқы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Шавкат Мирзиеев
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қаражат әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды қолдауға және «Әлеуметтік карта» бірыңғай жүйесін іске асыруға бағытталады.

Айта кетейік, аталған жүйе арқылы әлеуметтік қызмет пен көмектің 65 түрі және 50-ге жуық жеңілдік ұсынылады.

Олий Мажлис Сенаты
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, табысынан айырылғандар мен денсаулық жағдайына байланысты еңбекке жарамсыз саналатын тұрғындарды әлеуметтік сақтандыру туралы заң қабылдау жоспарланып отыр.

Тоқтала кетсек, кейінгі 4 жылда Өзбекстандағы кедейлік деңгейі 23%-дан 11%-ға төмендеді. Алдағы үш жылда бұл көрсеткішті 7%-ға дейін азайту көзделген.

Шавкат Мирзиеев
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Еске салайық, енді Өзбекстанда «Құрметті донор» белгісінің иегерлеріне берілетін біржолғы төлем мөлшері 3 есе артады.

Соңғы жаңалықтар