Келер жылы Ана мен бала орталығында балалардың онкологиялық ауруларын емдейтін жаңа бөлімше ашылады

None
None
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Таяуда  Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының (АБҰҒО) гематоонкологиялық бөлімшесінде балалардағы жедел лейкозға жасалған екінші аллогенді трансплантациялау операциясы сәтті өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы 22 қарашада Ұлттық медициналық холдингтің Ана мен бала орталығында Қазақстанда екінші рет жедел Т-жасушалы лимфобласты лейкозы бар баланың жілік майын аллогенді трансплантациялау операциясы Ақмола облысынан келген 6 жасар Темірлан Мырзағалиға жасалды.

Осыған орай бүгін ұйымдастырыған баспасөз мәслихатында сөз алған мамандардың айтуынша, Темірланға жілік майының доноры HLA-сәйкестік жүйесі бойынша толық сай келген оның туған бауыры Мейірлан болды. Бүгінгі күнде жілік майы өсіп, бала жедел лимфобласты лейкоздан жазылып кетті. Темірлан үйіне жіберіледі. Өзекті гемопоэтикалық жасушалар (жілік майы) донорлығы тіпті қауіпсіз екендігін және қан донорлығына ұқсас екендігін айта кеткен жөн.

Трансплантациялаудың бұл түрі Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен, өзекті жасушаларды типтеу және бөлу зертханасымен бірлесіп жұмыс жасаудың арқасында мүмкін болды. Сонымен бірге, Р.Горбачева атындағы Балалар гематологиясы және жілік майын трансплантациялау институтының жілік майын трансплантациялау бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Бондаренконың тікелей өзі қатысты. 

2013 жылы Қазақстанда онкологиялық балаларға көмек көрсетуді дамыту бағдарламасына сәйкес «АБҰҒО» АҚ-да балалардағы онкологиялық ауруларды емдеу бойынша жаңа бөлімшені ашу жоспарланып отыр. Осы бөлімшенің базасында онкологиялық ауруларға шалдыққан балалардың жілік майын ауто-трансплантациялау жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда Орталық республикада осындай ауыр сырқаттарды емдеуге дайын.   

Соңғы жаңалықтар