Келесі Қысқы Азия ойындары қайда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қытайдың Харбин қаласында алауы тұтанған Қысқы Азия ойындары аяқталып, келесі кезекті Сарықұрлық додасы өтетін ел белгілі болды.

Азиада
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Нақтырақ айтсақ, келесі Қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтетін болып бекітілді.

Бұл туралы бүгін Харбин Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатында белгілі болды. Аталған шарада Харбин қаласының мэрі Ван Хэшэн мен Азия Олимпиада кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Фок Жэнтин туды Сауд Арабиясының Ұлттық спорт комитеті төрағасына және Ұлттық спорт комитетінің төрағасы Ханзада Фейсалға тапсырды.

Харбин
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Осылайша тұңғыш рет Қысқы Азия ойындары Батыс Азияда елінде өтпек.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Харбин Қысқы Азия ойындарында 4 алтын, 9 күміс, 7 қола медаль жеңіп алып, жалпы есеп бойынша төртінші орынға тұрақтады. 

Бұл жолы қытайлық спортшылар өз елінде өткен ойындардың көшін бастады. Жарыс қожайындары 32 алтын, 27 күміс, 26 қола медаль жеңіп алды. Ал 16 алтын, 15 күміс, 14 қола иеленген Оңтүстік Корея спортшылары екінші орынға жайғасса, үздік үштікті Жапония спортшылары қорытындылады. Олардың еншісінде 10 алтын, 12 күміс, 15 қола медаль бар.

Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 5 ел:

1. Қытай — 85 (32-27-26);
2. Оңтүстік Корея — 45 (16-15-14);
3. Жапония — 37 (10-12-15);
4. Қазақстан — 20 (4-9-7);
5. Филиппин — 1 (1-0-0);
5. Өзбекстан — 1 (1-0-0);

Осыған дейін Қазақстан ерлер хоккей командасы Қытайдық Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында чемпион атанғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар