Келесі жылы 5,4 млн гектар орман өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылады

АСТАНА.  KAZINFORM  - Келесі жылы 5,4 млн гектар орман өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылады. Бұл туралы жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. 

орман
Фото: ТЖМ

- Біз орман отырғызу жұмыстарын кеңейтумен бірге, ормандарды өрттен қорғау шараларын да күшейтіп жатырмыз. Биыл өртке қарсы 355 техника алынды, 2026 жылдың бірінші тоқсанында қосымша 697 техника жеткізіледі. Келесі жылы 11 өңірдегі табиғатты қорғау мекемелері толық техникамен қамтылады, - деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ, ол өртті ерте анықтау жүйесі 1,6 миллион гектар аумақта енгізіліп, жалпы қамту аумағы 2,2 миллион гектарға жеткізілгенін айтты.

- Келесі жылы жүйе одан әрі кеңейтілетін болады. 2026 жылдың соңына дейін жүйемен жалпы елдегі ең өрт қаупі жоғары ормандардың 5,4 миллион гектары қамтылатын болады, - деді министр. 

Айта кетейік, елімізде құрғаған аумақтарда қорғаныш орман жолақтарын құру бағдарламасы әзірленеді.

Соңғы жаңалықтар