Абай облысында жаңа су қоймасының құрылысы басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінде жаңа су қоймасы салынады, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Келесі жылы Абай облысында жаңа су қоймасының құрылысы басталады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысанның жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Жобаны уақытылы әрі сапалы іске асыру үшін «Қазсушар» РМК-ның жергілікті филиалы мамандары, Ақсуат ауданы әкімдігінің қызметкерлері және мердігер ұйым өкілдерінен құралған комиссия құрылыс жүргізілетін аумақты тексерді.

— Тексеру барысында тараптар жобаны жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Аудан әкімдігімен бірлесіп ішкі каналдар да қаралды. Жергілікті атқарушы органдар олардың реконструкциясына қатысты жобалау-сметалық құжатты әзірлеумен айналысады. Жаңа су қоймасы мен магистральді каналдар аудандағы ирригациялық жүйелердің толыққанды әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді, — деді Абай облысындағы «Қазсушар» РМК филиалының директоры Жарқынбек Байсабыров.

Осыған дейін Абай облысында 10 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар