15:22, 23 Қазан 2024 | GMT +5
Келесі жылы Беларусьте президент сайлауы өтеді
АСТАНА.KAZINFORM - Беларусь президентінің сайлауы 2025 жылғы 26 қаңтарда өтеді, деп жазады БЕЛТА агенттігі.

Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко Өкілдер палатасының отырысында Беларусь Республикасы президентін сайлау бойынша сайлау науқанын бастауға дайын екенін мәлімдеді.
Еске салсақ, Қазақстан мен Беларусь халықаралық аренада спорттық және туристік әріптестікті дамытады. ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Беларусь Республикасының Спорт және туризм министрінің орынбасары Александр Бараулямен кездесіп, халықаралық аренада спорттық және туристік әріптестікті дамыту туралы өзара пікір алмасты.