Келешегі кемел ел ғана жастар ісіне мән береді - Е.Жақыпов

- ХХІ ғасырда жаңа Қазақстанның дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі беделді мемлекеттер қатарында қалыптасып әрі қарай дамуы үшін бүгінгі жастардың қоғамдағы рөлі ерекше. Қазіргі таңда халықаралық байланыстар дамыған кезеңде қазақ жастары бәсекеге қабілетті, өзінің дәстүрі мен тілін, мәдени құндылықтарын бойына сіңірген азамат болу басты мақсат екені белгілі. Біздің мемлекетімізде жастарға өз идеяларын жүзеге асырып, сапалы білім - саналы тәрбие алуға, барлық мүмкіндіктер жасалған, - деді ол өз сөзінде.
- Қазіргі таңда қоғамда жастар арасында «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы» талқылануда. Мұндағы негізгі мақсат - жастардың әлеуметтік, азаматтық - құқықтық, патриоттық, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту болып табылады, - деп сөзін жалғастырды біздің сұхбаттасушымыз.
Қазір елімізде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс беруде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, қабылданып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламаларда жастардың рөлі мен белсенділігіне ерекше мән берілген.
Бұдан әрі Е.Жақыпов былай деді:
- Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы болашаққа жастардың сенімділікпен қарауына жол ашады. Бұл тұжырымдамада мемлекеттік жастар саясатын республикалық және өңірлік деңгейде тиімді жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер көздері қарастырылған.
Елімізде жастарды қолдау мақсатында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар Қанатының әр деңгейдегі жобалары жүзеге асуда. Олар «Дипломмен - ауылға», «Жасыл Ел», «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі», «Жастар тәжірибесі», «Жастар Отанға» т.б жобалары.
Еліміздің көркейіп гүлденуі үшін, әрі қарай даму үшін жастардың белсенділігі әрқашан да қажет. Мұны Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрқашанда естен шығарған емес. Соның бір көрінісі ретінде бүгінгі жастардың әрі қарай дамуы үшін мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы дайындалуда. Бұл ұзақ мерзімді Тұжырымдаманың ерекшелігі жастар саясатының нақты жүзеге асуының дәлелі.
Мемлекеттік жастар саясатының одан әрі дамыту:
1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі;
2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып жасалған. Жастар саясатын дамыту бойынша барлық бағдарламалар әрі қара жалғасын таба отырып, жаңа кезеңге аяқ басты. Мәселен, жастардың «Жас маман» түсінігі нормативті бекітіліп, олар үшін ең төменгі әлеуметтік пакет болады. Жастарға техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандырудың нақты шаралары жүзеге асып, индустрияландыру бағдарламасына қатысуы іске асырылады. Осы үшін «Еңбеккежолдама» жобасы жоспарлануда.
Бұдан басқа, жұмысшы жастарды өзін-өзі дамыту, еңбек шиеленістерінің алдын-алу үшін жастар ұйымын құру және экономиканың түрлі кәсіпкерлік секторларында жастар саясатының «Еңбекқор» корпоративтік бағдарламасын қабылдау жоспарлануда. Одан басқа, түрлі мамандықтар бойынша Жалпыхалықтық «Семсер» сыйлығы, ауыл жастарына қала жастарындай тең мүмкіндік жасау мақсатында «Ауылдың тірегі» жобасын жүзеге асыру ұсынылады.
Ауылдық жерде жастар өз кәсібін ашу үшін пайызсыз және кепілсіз қаржыландыруды бөлу тетіктері қарастырылады. Осы мақсатта «Бастауыш фермер»жобасы енгізілетін болады.
Жас отбасылар үшін «Қолжетімді баспана - 2020» (2012 жылдың 1 шілдесі) бағдарламасы, сондай-ақ, жас мамандар үшін (2013 жылдан бастап) «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ желісі бойынша бойынша жалдамалы тұрғын үйді пайдалануға беру тетіктері құрылады.
Ғылымның мәртебесін көтеру үшін жастарды инновациялық жобаларды дайындауға тарту үшін «Қарқын KZ!» жобаларын жүзеге асыру жоспарланады. Осы жоба аясында Инновациялық идеялар банкісі құрылатын болады.
Жастарды толыққанды табиғи дамыту үшін жастарға арналған спорттық және демалыс инфрақұрылымдарының желісі ауылды жерлерде кеңейтіліп, оған қол жетімділік артады, сонымен қатар, 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары, жас аналар, отбасын жоспарлау мектептері дамиды. Одан басқа, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін «Алға, Қазақстан!» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша заңнама жаңартылатын болады.
Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жас адамды тәрбиелейтін жүйе енгізілетін болады.
Сөзінің соңында Е.Жақыпов мына мәселелерге тоқталды:
- Жастардың патриотизмін дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру Білім және ғылым, мәдениет және ақпарат, әділет, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және жаңа технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы министрліктері, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспары шеңберінде жүргізілетін болады. «Орта білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбиені ұйымдастыру»пәнінің оқу әдістемелік кешенін әзірлеу жоспарланады және бұдан әрі гуманитарлық және педагогикалық оқу пәндері тізіміне енгізілетін болады. Неке және отбасы институтының рөлін нығайту мақсатында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мен үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық көрсетуге бағытталған кең көлемді «Шаңырақ» жобасы іске асырылатын болады. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жастар өкілін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке көбірек тарту мақсатында «Мемлекеттік қызметмектебі» жобасы мен жастар парламентаризмі жетілдірілетін болады.
Білім беру органдарына қарасты мектеп оқушыларын кәсіби бағдарландыру жұмыстарын үйлестіретін қызметтер құрылады. Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жас адамды тәрбиелейтін жүйе енгізілетін болады.
Қазақстан мемлекеті дамудың сапалы жаңа кезеңіне аяқ басты. Біздің мақтан тұтарлық ісіміз мол, алайда жаңа жетістіктерге ұмтылуды жалғастырудамыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында «Әлеуметтік реализм іс жүзіндегі векторға айналуда. Сондықтан біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатына және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады», - деп атап көрсетті. Олай болса бүгінгі қазақ жастары сапалы білім алып, өз Отанына аянбай қызмет ету керек екендігі белгілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында ҚР Білім және ғылым министрлігіне бірнеше тапсырмалар жүктеді. Бұл орайда қосымша білім берудің интерактивті түрлерін дамыту қажеттігін атап өтті. 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде онлайн- оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді тапсырды. Сонымен қатар Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізіп, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды. Бұл жас ұрпақтың өз тарихын, тілі мен әдет-ғұрпын білуге, азаматтық - патриоттық қалыптасуға бейімдеу керек екендігін атап өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның соңғы 30 жылдықта қандай бағытта даму керектігін айқындайды. Қоғамның барлық саласына түбегейлі өзгеріс енгізе отырып жаңа әлеуметтік саясатты жасады. Бұл саясат атқарушы билік пен халық бұқарасын жақындастырып, заң шығарушы биліктің, яғни Парламенттің жаңа заманға сәйкес бейімделуін, халықтың мұң-мұқтажын түсінуге, демократиялық өзгерістерді жаңа заман талаптарына сәйкес жаңғыртуға бағытталған. Стратегиялық болжамдар жасау негізінде жастардың өмірі жарқын болуына жағдай жасалған. Біздің мемлекетімізде жастар әрқашанда жаңа инновациялық білімді меңгеріп, қоғамда өз отбасын құрып, еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Елімізде мемлекеттік жастар саясаты дамуының жаңа кезеңі жүзеге жүзеге асырылатын болады. Әлемдік қауымдастықта ел жастары Қазақстанды мықты және бәсекеге қабілетті ел етуде шешуші рөл атқаратынына сенімдіміз.