«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – 1 қыркүйек – Білім күні және жаңа 2025–2026 оқу жылы Ұлытау облысында айрықша қуанышпен басталды. Қала мен аудан мектептерінде алғашқы қоңырау сыңғыры естіліп, жаңа білім сапарына қадам басқан оқушыларға арналған салтанатты жиындар өтті.

«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Биылғы оқу жылының басты жаңалығы — «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жезқазған қаласының Қабанбай шағын ауданында 300 орындық жаңа № 12 жалпы білім беретін мектептің пайдалануға берілуі.

«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Заманауи үлгіде салынған бұл білім ордасы жас ұрпақтың сапалы білім алуына кең мүмкіндік береді. Мектептің табалдырығын аттаған әрбір шәкірт үшін бұл — үлкен арманға бастайтын маңызды қадам. Жаңа оқу орны Жезқазғанның игілігіне қызмет етіп, облыстың білім беру инфрақұрылымын едәуір нығайтты.

«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

«Келешек мектебі» — бұл жаңа заманауи ғимарат, яғни кең, жарық әрі қауіпсіз, баланың дамуына қолайлы білім кеңістігі. Мұнда кәсіби ұстаздар ұжымы жас ұрпақтың дарыны мен қабілетін ашуға бағытталған заманауи әдістемелерді қолданады. Инновациялық оқу ортасы цифрлық құралдармен, зертханалармен, робототехника мен пәндік кабинеттермен жабдықталған. Әр бала түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылық тұрғыда дамуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, мектепте кітапхана, акт залы, асхана, спорт залдары, демалыс аймақтары, ойын алаңдары мен шығармашылық студиялар бар. Ең бастысы — ата-анамен серіктестік орнатылып, ашық қарым-қатынас пен әр баланың жеке дамуына бағытталған бірлескен жұмыс жүргізіледі.

«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Жаңа оқу жылында Ұлытау облысында 4150 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Олар үшін бұл — білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы, ал ұстаздар үшін — жас ұрпақты сапалы білім мен өнегелі тәрбиеге баулудағы жаңа жауапты кезеңнің бастауы.

«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Оқу жылы қарсаңында өңірдегі 7 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, балалардың жайлы әрі заманауи ортада білім алуына жағдай жасады.

«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
«Келешек мектептері»: Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Айта кетейік, 2027 жылға дейін реновация бағдарламасы аясында облыстың жалпы 18 білім ошағы кезең-кезеңімен жаңғыртудан өтеді.

Соңғы жаңалықтар