16:04, 25 Қараша 2022 | GMT +5
Келесі аптада Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге және Францияға барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі аптада Қасым-Жомарт Тоқаев екі елге ресми сапар жасайды. Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хбарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні ресми сапармен Ресей Федерациясына барады.
Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
29-30 қараша күндеріҚазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Фото:t.me/bort_01