Келесі жылдан бастап 40 қазақстандық кәсіпорында қалдықтарды басқару жүйесі енгізіледі - Н. Қаппаров

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Фин бизнес-форумында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
Министрдің айтуынша, келесі жылдан бастап-ақ Қазақстанда экологиялық жаңа технологиялар енгізіле бастайды. Оның ішінде жаңартылатын энергетика саласындағы басым бағыттар - жел және күн энергетикасы, биогазды пайдалану қолданыла бастайды.
«Осыған орай, Қазақстан Үкіметі фин елінің кәсіпкерлерін, финдік компанияларды біздің еліміздегі «жасыл экономикаға» көшу бойынша бағдарламаларға кеңінен қатысуға шақырады», - деді Нұрлан Қаппаров.
Еске сала кетсек, қазақстан-фин бизнес-форумына экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін жоғары деңгейлі 55 фин компаниялары қатысуда. Меймандар делегациясын Еуроодақ және сыртқы сауда істері жөніндегі министр Александр Стубб бастап келген болатын.