Келінін тонаған абысын екі жылға сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы қаласында абысыны келінінің үйі ашық қалғанын пайдаланып, жатын бөлмедегі сандықтан 1 200 000 теңге, 100 АҚШ доллары және құны 50 000 теңге тұратын алтын сырғаны ұрлап кеткен. Осылайша, ол жәбірленушіге жалпы көлемі 1 268 000 теңге залал келтірген, деп хабарлады Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметінен.
None
None

Сот сотталушының бұрын сотты болмағанын, жасаған қылмыстық әрекетіне өкініп, кешірім сұрағанын, іс бойынша залалдың қалпына келтірілгенін, жәбірленушінің сотталушыға кешірім бергенін ескере отырып, оны қоғамнан оқшауламай қайта тәрбиелеу мүмкіндігі бар деп таныды.

Осыған байланысты, Сот Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағы бойынша айыпталған сотталушыны 3 жыл бас бостандығынан айырды. Алайда, сот жоғарыда аталғандарды ескере келе, ҚК-нің 63-бабына сәйкес, жазаны сол мерзімге шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімін тағайындады.

Соңғы жаңалықтар