Келісім беру жүйесін одан әрі реформалау тұжырымдамасының Жобасы мүдделік кереғарлыққа ұрындыруы мүмкін - Алматы кәсіпкерлері

Күн тәртібінде бірінші болып 2012-2015 жылдарға келісім беру жүйесін одан әрі реформалау тұжырымдамасының Жобасы талқыланды.
ҚР Үкіметі әкімшілік кедергілерді азайту, салықтық және кедендік заңдылықтарды жетілдіру мақсатында келісім беру жүйесін одан әрі реформалау тұжырымдамасының Жобасын ұсынған болатын. Алматылық бизнесмендердің пікірінше, келісім беру процедуралары бизнестің емес, мемлекеттік органдар мүддесін қорғайды, бұл мүдделік кереғарлыққа ұрындыруы мүмкін. Осыған орай, кәсіпкерлер мемлекеттік және тексеру- бақылаушы оргадармен бірлесе отырып,келісім беру жүйесін одан әрі реформалау тұжырымдамасының ережесін жасауды ұсынды.
Тағы бір талқыланған мәселе - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың Ережелерін бекіту туралы» қаулысы. Ереженің 158 бабына өзгеріс енгізу аванс алу мүмкіндігін жояды. Бұрындары өнімді жеткізуші жабдықты сатып алу үшін жалпы құнының 30%-ын аванс ретінде ала алатын. Жаңа ереже бойынша аванс сомасын кәсіпкерлер келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін төлеуі тиіс. Сол себепті кәсіпкерлер «авансқа тең төлемді қамтамасыз ету» деген ұғымды алып тастап, қамтамасыз етуді 5 % көлемде қалдыруды ұсынады.
Әкім сарашылардың пікірін тыңдай келе, кәсіпкерлердің сөзін ескере отырып, басқармаларға үкіметтік деңгейде қаралуы тиіс ұсынысты қайта жасауды тапсырды.
Бұдан өзге, Ахметжан Есімов Алматы қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мүмкіндіктері жөніндегі ақпаратты күшейтуді тапсырды.