Келіні енесінің әшекейін сатып жіберіп, қылмысты жасырмақ болған

АСТАНА. KAZINFORM – Қосшы қаласының тұрғыны енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, құрбысының алдында ақшалай қарызынан құтылған. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Келіні енесінің әшекейін сатып жіберіп, қылмысты жасырмақ болған
Фото: polisia.kz

Кейіннен бұл оқиғаны ол ененсінен жасыру үшін үйіндегі заттарды шашып, жалған ұрлық ұйымдастырып, полицияға хабарлаған.

Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, полиция бөлімі тергеушісінің кәсібилігінің және істі егжей-тегжейлі тергеп-тексеруінің нәтижесінде оқиғаның шынайы мән-жайы анықталды.

— Нәтижесінде азаматша «Н» қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Бұндай қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғаны туралы прокуратура ескертеді. 

Соңғы жаңалықтар