Кем алынған су үшін Қырғызстанға ешқандай талап қойылмайды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Киров су қоймасынан судың кем алынуына байланысты Қырғызстан тарапына ешқандай талап қойылмайды.
None
None

Бұл туралы Шу-Талас бассейні инспекциясы бастығының орынбасары Ғалымбек Құралбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Жамбыл облысы үш тәулікте Шу өзені арқылы 2,33 миллион текше метр суды, Талас өзені арқылы 8,3 миллион текше метр суды кем алған.

«Тараздағы сәуірдің 8-індегі Киров су қоймасы бұзылғандығы туралы дүрбелеңге дейін, қазақстандық тараптың өтініші бойынша қырғыздар келісім бойынша белгіленген 32 текше метрдің орнына секундына 56 текше метрден ағызып келген болатын. Осылайша, біз жиналған судың көлемін 518 миллион текше метрден 480 миллион текше метрге дейін төмендеткен едік. Ал ақпан айынан бері артық су Таластың арнасы арқылы Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданына айдалып жатыр», - деп түсіндірді Ғ.Құралбаев.

Белгіленген шамадан артық су айдалған осынау жағдайға байланысты, Қазақстан мамырдың 18-інде Киров су қоймасында орын алған судың тоқтатылу факті бойынша қырғыз тарапына ешқандай талап арыз қоя алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, қырғыз тарапы мамырдың 18-індегі Киров су қоймасынан судың тоқтатылу оқиғасына ресми себеп ретінде су айналатын конустық ысырмаларды жөндеп жатырмыз деген уәж айтқан болатын.

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының дерегі бойынша, жамбылдық шаруалар егінді суаруға мамырдың 5-інен бастап өтініш бере бастаған. Дегенмен, су қоймасы жабылған күндерге қатысты жамбылдық дихандардан ешқандай арыз-шағым түспеген.

Соңғы жаңалықтар