18:51, 27 Наурыз 2018 | GMT +5
Кемероводағы өртке байланысты Ресейде жалпыұлттық Аза тұту күні жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ президенті Владимир Путин Кемероводағы өртке байланысты 28 наурызды қаралы күн деп деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жайлы президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

«2018 жылғы 25 наурызда Кемерово облысының Кемерово қаласында болған өрт салдарынан көп адам қаза тауып, зардап шекті. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса, 2018 жылғы 28 наурызды РФ-да қаралы күн деп жариялансын», - делінген құжатта.
Қаралы күнде елдің бүкіл аумағында мемлекеттік ту түсіріледі.
Еске салайық, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінен өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты. Оның 41-і бала еді. Қазірге дейін құрбандардың 25-інің тұлғасы анықталды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
фото:© Донат Сорокин/ТАСС