17:06, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Кемінде бір жылға дейін екінші рет девальвация жасалмайды ? ҚР Ұлттық банкі төрағасы
АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кемінде бір жылға дейін екінші рет теңгенің девальвациясы жасалмайды. Оны ҚР Ұлтық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, қазір кейбір валюта айырбастау пункттері валюта таусылып қалды деп долларды түнде артқы есіктен сатып жатқаны белгілі болып отыр. Екінші рет девальвация болады деп алыпқашты сөз таратушылардың бұл әрекеті Алматы мен Астана қалаларында орын алуда. «Теңгенің девальвациясы жасалған кезде біз айырбастау бағамының дәлізі ± 5 теңге ауытқуымен 1 АҚШ доллары үшін 150 теңге деңгейінде болады деп жоспарлағанбыз. Ол орта мерзімде, яғни ең кемінде бір жылдың ішінде өзгермейді. Егер доллар қажет дегендер болса қалаған көлемінде сатып ала берсін. Қазіргі таңда бізде қолма-қол 450 миллиондай доллар бар. Қосымша доллар сатып алудың еш қажеті жоқ», дейді Григорий Марченко.