Кен орындардың басым бөлігінде өнім өндіру қарқыны бәсеңдеп қалды - Үкімет басшысы С.Ахметов.

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда республикадағы кен орындарының басым бөлігінде өнім өндіру қарқыны бәсеңдеп қалды. Бүгін ҚР Мұнай-газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов осы мәселені ерекше атап өтті.
None
None

«Енді, өнім өндіру көлемін арттыру үшін жаңа технологияларды кеңінен пайдалану қажет», - деді С.Ахметов. Осы орайда Премьер-Министр озық технологияны тарту міндетін инвесторларға жүктеу қажеттігін тағы бір мәрте еске салып: «Алдағы уақытта Каспий шельфінен басқа, қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын өндіруга салынған мораторий алынады. Осы кезде жаңа технологияларды кеңінен тарту мәселесіне негізгі басымдық беру керек. Оны басты талап ретінде енгізетін боламыз», - деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар