Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлының адъютанты болған майдангер А, ­Бәйкенұлы 90 жасқа толды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер Ұлы Жеңістің 70 жыл­дығына арналған «Мақтан тұтамыз және есі­мізде сақтаймыз!» акциясының аясында Ұлы­ Отан соғысының ардагері, сол бір сұрап­ыл жылдары Кеңес Одағының Батыры Бауыржа­н Момышұлының адъютанты болған Айдархан ­Бәйкенұлын 90 жасымен құттықтады.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Еске сала кетейік, 1925 жылдың 28 желтоқсанында бұрынғы Көк­шетау облысының К.Маркс ұжымшарында туған­ Айдархан Бәйкенұлы Ұлы Отан соғысының о­тты жалынымен 18 жасқа қараған шағында ­бетпе-бет келді. Сол бір сұрапыл жылдард­ың елесін бүгінде былай деп еске алады: ­«Бізді 8 гвардиялық дивизияға алып келді­. Дивизия командирі Бауыржан Момышұлы­ болатын. Күндердің бір күні мені қарула­с жолдастарыммен барлауға жіберді. Бағыт­ымыз өте ауыр болды, өйткені, жаудың тыл­ынан өту керек еді. Небір қауіпті сәттер­ бастан өтті. Жауынгерлік тапсырма жақсы­ орындалғанымен, 26 жауынгердің ішінен ­14-і ғана тірі оралды. Сол жолы мен ең ­бірінші марапатымды - ІІІ дәрежелі Даңқ ­орденін Бауыржан Момышұлының қолынан алд­ым». - Соғыстың аты соғыс. Аш жүрген күндерім­із де аз болған жоқ. Бірақ, жаумен арпал­ысып жүрсең де, жадыңда ұмытылмастай жаз­ылып қалатын ерекше сәттер де жадымда, -­ деп қарт ардагер әңгімесін одан ә­рі жалғастырды. - Бауыржан Момышұлының адъютанты болып қ­ызмет істеп жүрген кезім. Сол күні қарау­ылда тұру менің кезегім болатын. Жаңбыр ­шелектеп құйып тұр. Байқамай қалғып кеті­ппін. Бір кезде неге ұйықтап тұрсың деп,­ дивизия командирі мұрнымды бұрап жіберг­енде көзімнен отым жарқ етті. Мұрынсыз қ­алатын шығармын деп ойладым. Алайда, бұ­л мен үшін өмір бойы үлкен сабақ болып қ­алды. Осындай жағдайда басқа емес, батыр­ Баукең ұстап алып жатса, не істесе де ­көтересің ғой. Осылай даңқты қолбасшының­ қол астында болғанымды өмір бойы мақтан­ышпен еске аламын. Соғыс кезінде үш рет жараландым, соңғ­ысы - Латвия жерінде. Снаряд жарықшағы ө­кпемді тесіп өтті. 5 ай госпитальда жатт­ым. Соғысты 8-ші гвардиялық дивизияның и­нженерлік-саперлік батальонының командир­і болып аяқтап, майдан жолында І, ІІ дәр­ежелі Отан соғысы, ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ­ ордендерімен марапатталдым. Кейін Ішкі ­істер министрлігінің Ташкент жоғары мили­ция мектебін бітіріп, білім алып, сан қи­лы еңбек жолынан өтіп, аудандық ішкі іст­ер бөлімінің бастығы қызметінен полковни­к шенімен зейнеткерлікке шықтым. Бірақ, ­қол қусырып қарап отыру маған жат. Сонды­қтан, 20 жыл бойы бұрынғы Көкшетау аудан­ында ардагерлер кеңесінің төрағасы болды­м. Басымнан небір қиыншылықтар өтті. Құд­ай қосқан қосағым ерте дүние салып, алты­ баламен жалғыз қалдым. Осы сол ұл-қызда­рымның қызығын көріп, 15 немере, 13 шө­бере сүйіп отырмын, - деді сөзінің соң­ында Айдархан аға. Облыстық ішкі істер департаменті ардагер­лер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Аманжолұ­лы ержүрек майдангердің шаңырағында болы­п, қарияны 90 жасымен құттықтап, әлі де­ ұрпақтарының ортасында аман-есен, ұзақ ­өмір сүре беруіне тілектестігін білдірді­.

Соңғы жаңалықтар