17:52, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Кеңес өткізіп, жоспар жасаумен ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі шешілмейді - ҚР АШМ басшысы
АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүкіл Қазақстанды ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп, артығын шет елге шығаруға әлеуеті болса да, Алматы облысы қазір өзін-өзі қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Алматыда «азық-түлік белдеуі» мәселесіне арналған алқалы жиында айтылды.

«Су ну, жері құнарлы Жетісу Алматы ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамтамасыз ете алады. Қазақстанның өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ете алмауы жүйелі мәселе. Ол кеңес өткізіп, жоспар жасаумен шешілмейді», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Оның айтуынша, өз шаруашылығын дамытуға қаржы салуға дайын адамдар жеткілікті. Алайда олар көп жылдар бойы жер телімін ұлғайту не оған меншік құқын алуды шеше алмай келе жатыр. Оған әкімдікті де айыптауға болмайды. Ол жылдар бойы қордаланып қалған.