Кентау қаласының аумағы ұлғаяды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Қалаға қарасты ауыл жерлері Кентауға қосылады.

Кентау   қала көріністері
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Кентау қаласы ауылдарының және елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы Кентау қаласы әкімінің қаулысы мен Кентау қалалық мәслихатының шешімі Ашық НҚА порталында жарияланды.

Құжатта, Қарнақ ауылының әкімшілік шекарасынан Кентау қаласының шекарасына 2655,53 гектар және Байылдыр ауылының шекарасына 264,75 гектар жер учаскелерін қосу арқылы Қарнақ ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 35 257,16 гектар болып белгіленсін:

Хантағы ауылының шекарасынан Кентау қаласының шекарасына 22,67 гектар және Байылдыр ауылының шекарасына 728,45 гектар жер учаскелерін қосу арқылы Хантағы ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы шекарасын 44 718,61 гектар болып белгіленсін;

Қарнақ ауылының шекарасынан 264,75 гектар, Хантағы ауылының шекарасынан 728,45 гектар жер учаскелерін Байылдыр ауылының шекарасына қосу арқылы, Байылдыр ауылының шекарасынан 522,27 гектар жер учаскесін Кентау қаласының шекарасына алу арқылы Байылдыр ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 24 819,43 гектар болып белгіленсін делінген құжатта.

Қоғамдық талқылауға ұсынылған құжат жобасы 25 ақпанға дейін талқыланады.

Айта кетейік, бұған дейін Кентаудағы жол апатынан 6 адам қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар