Кентау қаласы мен Созақ ауданына жаңа әкімдер тағайындалды

ШЫМКЕНТ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласы мен Созақ ауданында жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Кентау қаласының әкімі қызметіне 45 жастағы Бақытбек Шорабайұлы Байсалов тағайындалды. Ол бұл лауазымға дейін «Максимум» өңірлік инвестициялық орталық департаменттерінің бірін басқарған. Б. Байсалов бұл қызметте өз еркімен жұмыстан кеткен Кентау қаласының бұрынғы әкімі Нұржігіт Қалмырзаевты алмастырды.

  Созақ ауданының әкімі болып 60 жастағы Аманғали Түктібайұлы Аймырзаев тағайындалды. Ол Созақ ауданының тумасы,  осы жерде әртүрлі ұйымдарда жұмыс істеді, соның ішінде аудан әкімінің орынбасары, ал 2007 жылдан бастап аудандық мәслихаттың хатшысы болған. Оған дейін Созақ ауданының әкімі қызметін атқарған Берік Мейірбеков қызметінен босатылды.

 Екі жаңа әкім қалалық және аудандық мәслихаттың келісімімен қызметтеріне 11 сәуірден бастап кірісті.

Соңғы жаңалықтар