Кентау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының директоры пара алу кезінде ұсталды

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ –Кентау қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік басқармасы филиалының директоры пара алу кезінде ұсталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ОҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне сілтеме жасап.Шенеунікті ұстау операциясына қаржы полициясының қызметкерлері Кентау қаласы тұрғынының өтініші бойынша шықты. Өтініш білдіруші әйел бопсалаудың құрбаны болғанын хабарлады. Өткен жылы ол Халыққа қызмет көрсету орталығында тағлымдамадан өткен болатын. Директор оған инспектор лауазымында тұрақты жұмыс істеу үшін көмектесуге уәде береді, бұл ретте қызметкерлерді жұмысқа орналастыру оның құзырына енбейтін. Директор өзінің уәдесін 1 000 долларға бағалап, ашықауыз практиканттан аталмыш соманы қағып алады.Алайда үміткер әйел уәделі жұмысқа ақыры қол жеткізе алмайды. Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры оның жұмысқа қабылданғаны туралы жалған бұйрықты көрсетіп, тағы да ақша талап етеді. Бұл жолы жоғары тұрған тұлғаларға беретінін айтып, 500 доллар сұрайды. Шарасыздықтан әйел қаржы полициясына жүгінеді. Жедел полиция қызметкерлері Кентау қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік басқармасы филиалының директорын талап еткен сомасын алу кезінде ұстады. «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар