Кентау қаласының 60 жылдығына орай жас отбасылар пәтер иеленді - ОҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енген жалғыз қала - Кентау шаһары биыл 60 жылдық мерекесін атап өтуде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Мерекелік іс-шараларға ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ш.Мырзахметов, Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Е.Маямеров, мемлекет және қоғам қайраткері Б.Жылқышиев, ҚР мәдениет қайраткері Т.Жаманқұлов қатысты.

Мерекелік шаралар Кентау тұрғындарына пәтер кілтін тапсыру рәсімінен бастау алды. Кентау трансформатор зауыты күрделі жөндеуден өткізген үй пәтерінің кілтін облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды мен қала әкімі Ә.Мақұлбаев 48 жас отбасына тапсырды. Салтанатты жиында Д.Сатыбалды облыс әкімі Б.Атамқұловтың құттықтау сөзін жеткізіп, барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Д.Сатыбалды облыс пен Кентауға еңбегі сіңген азаматтарға алғыс хаттар мен төсбелгілер табыстады.

Кентау қаласы 1955 жылы бой көтерген. Кеншілер қаласының атақ-даңқы кен өндіру ісімен тығыз байланысты. Кентаулық аға ұрпақтың әлемді таңдандырған және ешбір ел жаңарта алмаған шапшаң бұрғылау жөніндегі рекорды тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды.

Соңғы жаңалықтар