Кентау қаласының прокуратурасы 3 жетімнің баспанамен қамтамасыз етілу құқығын қорғады

«Жүргізілген прокуратуралық тексеру амалдары анықтағандай, Кентау қалысы Әл-Фараби көшесінің бойында орналасқан кәмелеттік жасқа толмаған жетімдердің үйі сатылып кеткен. Атап айтқанда Халил Лаура, Халил Бауыржан мен Әділбекова Лазинаның пәтерлері қалалық қамқоршылар бөлімшесі мен жетім балалардың тәрбиешісі және әжесі болып табылатын Әділбекова Әнипаның рұқсатымен сатылып жіберілген. Алайда бақылаушы орган жетім балалардың баспанаға қол жеткізуін егжей-тегжейлі тексермей, қадағаламаған соң, берілген ақшаға сатып алынған пәтерді әжесі өз атына жаздырып алған, бұл әрине заңсыз», - деді Ж. Нұрғали.
«Прокуратурамен қамқоршы-әжесімен алынған пәтер ресми түрде кәмелеттік жасқа толмаған жетімдердің атына жазылды», - деді прокурор.
Осы іске жауапты Кентау қалысының қамқоршылық бөлімшесінің қызметкері «ескерту» күйінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.