Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары қоныс тойын тойлады

Су жаңа пәтерлердің кілті инженер-құрастырушыларға, кран жүргізушілеріне және өзге де жұмысшыларға бұйырды. Зауыт қаржысына құрылысы аяқталмаған бесқабатты үй алынып, оған жөндеу жұмыстары жасалды. Жаңа үйлерге көшкен отбасылардың қуанышында шек жоқ. Олардың басым бөлігі жылдап пәтер жалдаған. Енді олардың зауыттағы еңбегі еленіп, алғашқы жарнасыз және пайыздық мөлшерлемесіз үй берілді. Кейін бұл пәтерлер жұмысшылардың меншігіне айналады. Кілт табыстау шарасы Кентау қаласының 60 жылдығына орайластырылған.
Жалпы алғанда, бүгінде өндірісі алға басып, жұмысшыларын әлеуметтік қорғаудың барлық шараларын қолға алып отырған кәсіпорында алдағы уақытта санаторий-курорттық емдеуге жолдамлалар беру, көптен жұмыс жасап келе жатқан жұмысшылардың қолдаудың басқа да жолдарын қарастыру көзделіп отыр.
«Осы уақытқа дейін пәтер жалдап келдік. Жұмысты жақсы істеу үшін де адамға тұрақты пәтер керек. Осыны ескеріп, зауыт басшылығы пәтер беріп жатыр жас мамандарға. Қуаныштымыз, ризамыз», - деп өзінің ризашылығын білдірді Кентау трансформатор зауытының маманы Азамат Бегалиев.