Кентауда 1 тонна бауырсақ таратылды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Бүгін Түркістан облысындағы аудан, қала тұрғындары Әз-Наурыз мерекесін атап өтіп жатыр.

бауырсақ
Фото: Кентау әкімдігі

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі Кентау қаласында жоғары деңгейде өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары орталық алаңға орнатылған киіз үйлерде наурыз көже ішіп, наурыз дәмнен дәм татты. Ал, жастар қол күрес, арқан тарту, қазақша күрес, кір тасын көтеру секілді ұлттық спорттық ойындарға қатысып, бақ сынады. Әсем әндер орындап көрермендердің ықыласына бөленді.

наурыз
Фото: Кентау әкімдігі

«Бауырсақ fest» аясында қала тұрғындарына 1 тоннаға жуық бауырсақ таратылды. Аспаздар ұлттық тағам әзірлеуден сайысқа түсті.

наурыз
Фото: Кентау әкімдігі

Қошқар көтеру жарысына да қатысушылар көп болды. Сайыс тартысты да қызықты өтті. 36 келілік қошқарды 186 рет көтерген Кентау гуманитарлық техникалық колледжінің ұстазы Әділбек Қайырбеков бас жүлдені иеленіп, қошқарды сыйға алды.

гир көтеру
Фото: Кентау әкімдігі

Сәні мен салтанаты жарасқан сахнада қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов көпшілікті наурыз мерекесімен құттықтады.

қошқар көтеру
Фото: Кентау әкімдігі

Іс шара мерекелік концертпен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум