Кентауда қатты желдің кесірінен бастауыш сынып оқушылары онлайн оқитын болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кентау қаласындағы барлық бастауыш сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

«Желдің күшейуіне байланысты Кентау қаласындағы барлық (23мектеп) бастауыш сынып оқушыларын онлайн оқытуға шешім қабылданды. Сондай-ақ, Сауран ауданындағы Шоқтас шағын жинақталған бастауыш мектебінің оқушылары да ауа райының өзгеруіне байланысты онлайн білім алуда» делінген хабарламада.
Бұған дейін қалада мектеп пен колледждің шатырын қатты жел ұшырып кеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар