Кентаудағы жылу энерго орталық 10 минутқа өшіп қалды
Кентаудағы жылу энерго орталық жарықтың сөнуіне байланысты 10 минутқа өшіп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Әлеуметтік желіде Кентаудағы жылу орталығында апат болғаны жайында ақпараттар тарап жатыр. Себебі, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерде жылу күші төмендеп кеткен. Сондай-ақ, күннің боранды болуынан жарық та жиі-жиі өшіп қалып жатыр. Белгілі болғанындай, жылу орталығындағы 4 қазандықтың жұмысы тоқтап қалған. Осыған орай, ресми жауап берген Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Искаков қаладағы жылу энерго орталық қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқандығын жеткізді.
«Бүгін сағат 19:35 шамасында жылу энерго орталыққа келетін екі негізгі желіде жарық сөніп қалды. Салдарынан жылу энерго орталық толығымен 10 минутқа өшіп, қайта іске қосылды. Қазіргі таңда жылу энерго орталық штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деді Қуаныш Искаков.
Посмотреть эту публикацию в Instagram