Кентаулық тұрғындар мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған жаңа пәтерлер кілттерін иеленді - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Кентау тұрғындары «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үйлердің кілттерін иеленді.
None
None

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 60 пәтерлік бес қабатты үй пайдалануға берілді. Пәтерлер кілттері салтанатты жағдайда табыс етілді.

«Қымбатты жерлестер, сіздерді қоныс тойларыңызбен құттықтаймын. Жаңа пәтерлер шаттыққа, келісім мен молшылыққа толы болсын», - деді Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев. Көппәтерлі үйді салуға бюджеттен 387 млн 225 мың теңге бөлінді. Пәтерлерді тұрғын үй кезегінде тұрғандар алды. Олардың ішінде аз қамтылған азаматтар, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен ҰОС ардагерлері бар. Баспасөз қызметінің мәліметінде облыста осы бағдарлама бойынша 80-нен астам тұрғын үй салынып жатқанын атап өтілген. Осы кезге дейін 641 пәтерлік 21 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар