Кентаулық ұстаз әлемдегі ең ұзын Конституция кітабын жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда әлемдегі ең ұзын Конституция кітабы жасалды. Кітаптың авторы - тарих пәнінің мұғалімі Тұрар Омаров.
None
None

Ұзындығы екі жүз метр, ені 80 сантиметр болатын кітапты мұғалім Ата Заңымыз аталып өтетін күні қарсаңында арнайы жасатқан. Бір ай бойы оның көлемін ойластырып, кейін жергілікті әкімдікке барып жоспарын жеткізіпті. Шенділердің қолдауымен 300 парақтан тұратын кітапты қазақ және орыс тілдерінде жасап шығарған.

Сосын бірде-бір қатесі жоқ кітапты Кентаудағы Тәуелсіздік аллеясында парақтап көрсетіп, тұрғындарды таңғалдырды. Бір қызығы, Тұрар рекордқа лайықты осы жұмысын әзірге үйде сақтап отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. «Оны басып шығарудың өзіне 12 сағат уақыт кетті. Айналасын жабыстырып шығуға 10 күн жұмсалды», - дейді Кентау қаласының тұрғыны Тұрар Омаров.

Соңғы жаңалықтар