10:34, 21 Қаңтар 2025 | GMT +5
Кепілде болған ақтөбелік әйел ауруханадан шықты
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Кепілде болған 40 жастағы әйел ауруханадан шықты. Ол емін емханада жалғастырады.

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдаған әйел үйіне шықты.
- Науқастың жалпы жағдайы жақсарды, денсаулығы қалыпқа түсті. Ол емін өзі тіркелген емханада жалғастырады, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 13 қаңтар күні түнде Ақтөбеде түнде 75 және 67 жастағы қос қария көз жұмды. Ал тірі қалған 40 жастағы әйел ауруханада бір апта жатып, ем қабылдады. Оны травматологтармен бірге психологтар емдеді.
Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.